2025 жылы наурыз айының 19 - шы жұлдызы күні Наурыз мерекесіне орай «Құлыншақ» мектепалды тобында "Әз Наурыз қош келдің" тақырыбында ертегілік болып өтті. Барлық балалар ортада билерін билеп, тақырыпқа сай тақпақтарын айтып, әндерін шырқады. Балақайлар керемет көңіл күймен белсенді түрде қатысып, ұлттық ойын ойнап тобымыздың әжелері салт - дәстүрлерімізді көрсетті.