Мерекелік кешімізге “Сәбижан” ересек тобының бүлдіршіні Сержанның шөбере әжесі Сапаркүл әже келінімен “Құлыншақ” ересек тобының бүлдіршіні Дамирдің әжесі Алтынкүл әже келінімен “Айналайын” мектепалды тобының тәрбиеленушісі Айнамкөздің әжесі Бақыт әже 2 келінімен қатысты. Әжелерімізге сұрақ-жауап қойылып, қазақтың салт - дәстүрінен біраз мағлұматтар беріп, халық әндер шырқады. Ал келіндері қазақтың ою-өрнектерін қырқып, таныстырып, немерелері ұлттық ойындар ойнады. Әжелереміз ақ батасын беріп, жылы лебіздерін білдірді. Әжелеріміздің өнеріне тамсана қол соққан көрермендердің ыстық ықыласына шек болмады. Кеш соңында бөбекжай-бақша меңгерушісі Майра Алашбайқызы келген әжелерге алғысын білдіріп, сый сияпаттарын табыстады.