Бүгін наурыз айының 14 - ші жұлдызында "Сыр шуағы" бөбекжай бақшамызда "Ботақан" кіші тобында "Қош келдің - әз наурыз" тақырыбында ертеңгілік болып өтілді. Балалар бір бірімен қол алысып, құшақтасып көрісуден бастады. Қонаққа, Алдаркөсе, Қыдырата келіп өнерлі балақайлардың асық ату, қол күрес, т.б көптеген қазақтың ұлттық ойындарын бірге ойнап, баталарын беріп асыға келесі ауылға қонаққа кетті. Барлық балалар ортада әндерін шырқап, билерін билеп өз өнерлерін керемет көңіл күймен көрсетті.