2024 жылдың наурыз айының 6-шы жұлдызында «Еркемай» ересек тобында «Ана деп ән салам» тақырыбында ертеңгілік болып өтті. Мерекелік ертеңгілік барысында жігіттер аналарын, топтың сұлу да сымбатты ару қыздар қауымын әдемі әуенмен қарсы алып, балалар аяулы ана, әжелерімізге ән арнап, би билеп, бар өнерлерін көрсете білді. Барлық аналар, әжелерімізді келе жатқан айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, мерекелік ертеңгілік жоғары дәрежеде өткізілді.