15.01.2024 ж. “Сыр шуағы” бөбекжай-бақшамызда “ІТ апталығының” ашылуына орай тәрбиеші Нурбаева Б. “Педагогтардың дамуында ақпараттық - коммуникациялық және инновациялық технологиялардың алатын орны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында балабақшамыздың педагог мамандары бір-бірімен осы тақырып аясында ой-пікірлерімен алмасып, АКТ ның заманауи педагогтердің балалармен жұмыс жасау барысындағы тиімділігі мен, балалардың дамуында келтіретін ықпалын айтты.