Жаңа 2024 жыл,жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп қала берсін!

Жаңа 2024 жыл! "Жаңа жыл-ғажайып мереке" деген тақырыпта,біздің бақшамыздың мектепалды "Балбөбек" тобы ертеңгіліктерін өткізді.
Ертеңгілік "Қызыл телпек" ертегі желісімен қойылып,балалар ертегі кейіпкерлерінің роліне еніп ертегіні өз нұсқаларында сомдап,ән шырқап,би билеп,тақпақтарын айтты.Аяз ата мен Ақшақарды көріп,балалар қуанып,өз өнерлерін көрсетті