2025 жылы наурыз айының 18-ші жұлдызы күні Наурыз мерекесіне орай "Ақжелкен" ересек тобында "Әз Наурыз қош келдің" тақырыбында ертегілік болып өтті. Барлық балалар ортада билерін билеп, тақырыпқа сай тақпақтарын айтып, әндерін шырқады. Балалар керемет көңіл күймен белсенді түрде қатысып, ұлттық ойын ойнап тобымыздың әжелері салт-дәстүрлерімізді көрсетті. #Наурызнамаонкүндігі.