Бүгін - бауырмалдық пен мейірімділікке толы ерекше күн - Көрісу күні! Осы ұлы күн баршамызға амандық, саулық, татулық пен береке әкелсін! Бір-бірімізге жылы сөз, шынайы ықылас білдіретін бұл күнде баршаңызға мол қуаныш, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға тыныштық тілейміз.
14.03.2025 жылы бөбекжай-бақшамызда Көрісу күні- амал мерекесіне орай іс-шара өткізілді. Бөбекжай - бақшамыздың қызметкерлерін, ата-аналарын мерекесімен құттықтап, бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдірді. Мерекеге орай сұрақтар қойылып, "Бір мақал-бір бауырсақ" ойыны ойнатылып, ата-ажелеріміз баталарын берді.
#Наурызнама_онкүндігі
#Көрісу_күні_амал_мерекесі
https://syrshuagy.kz/kz/erte-gilikter/750-b-gin-bauyrmaldy-pen-mejirimdilikke-toly-erekshe-k-n-k-risu-k-ni-2.html#sigFreeId2fa058cfc6