Бүгін – бауырмалдық пен мейірімділікке толы ерекше күн – Көрісу күні! Осы ұлы күн баршамызға амандық, саулық, татулық пен береке әкелсін! Бір-бірімізге жылы сөз, шынайы ықылас білдіретін бұл күнде баршаңызға мол қуаныш, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға тыныштық тілейміз.

14.03.2025 жылы бөбекжай-бақшамызда Көрісу күні- амал мерекесіне орай іс-шара өткізілді. Бөбекжай-бақшамыздың қызметкерлерін, ата-аналарын мерекесімен құттықтап, бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдірді. Мерекеге орай сұрақтар қойылып, "Бір мақал-бір бауырсақ" ойыны ойнатылып, ата-ажелеріміз баталарын берді.

#Наурызнама_онкүндігі

#Көрісу_күні_амал_мерекесі