2024-ші жылдың ақпан айының 27-ші жұлдызында «Сәбижан» ересек тобының жылдық жоспарына сәйкес топ тәрбиешіліері Б.Нұрбаева, Г.Раушанбекова «Өз балаңызды жақсы көр» тақырыбында ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту мақсатында ата-аналармен сұхбаттасу кешін өткізді. Сұхбаттасу 5-кезеңнен, 1. Танысу «Есімдерді ата», 2. «Өз балаңызды қаншалықты білесіз?», 3. «Отбасылық құндылық ағашы», 4. «Гүл терейік» ситуациялық сұрақтар, 5. Ширату ойыны: «Иә немесе жоқ» кезеңдері болды. Ата - аналар барлық кезеңдерде өз пікірлерін ашық білдіріп, ойларымен бөлісті.