Сәуір айының 10-шы жұлдызында «Құлыншақ» кіші тобының тәрбиешісі Р. Абдукерова «Пішіндер» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекетін көрсетті. «Пішіндер»тақырыбында қызықты әрі танымдық іс-әрекет өткізілді. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында түрлі ойындар ойналып, пішіндерді көлеміне, түсіне қарай ажырату, салыстыру, топтастыру дағдылары дамытылды. Балалар пішіндерден күн, үй сияқты қарапайым бейнелер құрастырып, өз қиялдарын көрсетті. Осындай жұмыстар арқылы бүлдіршіндердің ойлау қабілеті, зейіні мен ұсақ моторикасы дамиды. Балалардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары болды.









