2025 жылдың қараша айының 7 - ші жұлдызы күні "Сыр шуағы" бөбекжай - бақшасында музыка жетекшісі А. Тлеулесова "Балдәурен" мектепалды тобымен "Аспаптар" әні тақырыбында ашық көрсетілім көрсетті. Балалар көңілді әуенмен кіріп сәлемдесіп, асықтармен әуенді ырғақты қимылдар жасады. Әрі қарай аспаптар әнін әуеннің сипатын, ырғағын келтіре орындады. Балақайлар ойын алаңқайларына бөлініп жұмыс жасады. Ойын орталықтарында аспаптарды атау, олардың тембрін тану, ұрмалы, үрмелі, соқпалы аспап түрлерін ажырату ойын түрлерін ойнатып, қызығушылықтары артты. Балалар белсене қатысып,әндерді, қимылдарды, ойын - жаттығуларды қызыға орындады.