#Ашықкөрсетілімонкүндігі Қараша айының 8 күні "Айналайын" ортаңғы тобында "Ұлттық құндылықтар" тақырыбында ашық іс-шара өткізілді. Шеңбер бойында балалар асық ұстау арқылы күй күмбірімен би қимылдарын жасады. 5 аймақта түрлі ойындар ойнап, қызығушылықтары артты. "Текемет басу" тақырыбында ойын ойнатылып, балаларға құрт таратылып, мадақталды. Оқу іс-әрекетіне балалар белсенді қатысты.









