Құттықтаймыз!!! 👏👏👏 2024 жылдың 04 мамыр күні “Балаларды ерте дамыту институты” РММ-нің ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау мақсатында мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Менің Елім - менің бақытты балалық шағым» республикалық (би) байқауының аймақтық кезеңі өткізілді. Байқау ережесінің бағалау критерийлері мен көрсеткіштеріне сәйкес, байқауға ұсынылған жұмыстарын қазылар алқасы жан-жақты саралап, қорытынды жасады. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес Қызылорда қаласы, «Сыр шуағы» ІТ бөбекжай-бақшасы 🥇 І орынға ие болды