Сәуір айының 16-шы жұлдызы күні «Достық» ортаңғы тобында «Жәндіктер таңғажайып әлемі» атты зерттеу жұмысы жасалды. Балалар банкаға ұшатын және жорғалайтын жәндіктерді ажыратып орналастырды. Балалар қол шамды жағу арқылы банкада жасырылған жәндіктерді көріп, атады, және үлкейткіш арқылы жәндіктерді зерттеді. Балалар ойынды қызығушылықпен ойнады және зерттеу жұмыстарын ұқыптылықпен орындады.