Бүгін "Күншуақ" ортаңғы тобында "Жәндіктер таңғажайып әлемі" тақырыбында эргономикалық орталықтарда зерттеу, ойын түрлері болып өтті. Ойын барысында балалар жапырақтағы құрттың қозғалысын бақылады, жәндіктердің көлеңкесін тауып, бақаға сүйікті асы шыбын-шіркейді ұстап жеуге көмектесті. Ойындарды балалар белсене ойнап, жәндіктерге деген қызығушылықтары арта түсті.