Сәуір айының 09-шы жұлдызында "Ақжелкен" ортаңғы тобында "Ғарышқа саяхат" тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетілді. Іс-әрекет барысында балаларға көктем мезгілінде қандай мерекелер бар екендігі, соның ішінде ғарыш туралы толық түсіндірілді. Аспан әлеміне балалар ғарыш макеті арқылы жабдықталған жатын бөлмеге кіріп, аспан әлемін гидроскоп арқылы тамашалады. Балалар қалаулары бойынша түрлі ойындар ойнады.Балалардың қызығушылығы артып, белсенділікпен жұмыс жасады.