Ұлыстың ұлы күні - Наурыз халықтық мерекені атап өтуге арналған онкүндік өткізу дәстүрге айналған. Әр күн белгілі бір тақырып аясында өтеді. Соның бірі 16 наурыз - “Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні “ деп аталды. Бұл тақырып аясында біздің “Сыр шуағы” бөбекжай-бақшамызда кішкентай балақайларымыз өздерінің наурыз мерекесіне арнап ақ парақтың бетіне бейнелеген суреттерін тарту етті. Балақайлар көктем мезгілінің кереметі мен салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды және өнерімізді өз қиялдарына ерік беріп, бейнелей білді.