Наурыз айы – мейірім мен қайырымдылық мерекесі. 15 наурызда Қазақстан халқы «Қайырымдылық» күнін атап өтеді,осыған орай "Сыр шуағы" бөбекжай-бақша ұжымы да қаламыздың тазалығын қамтамасыз етіп жүрген аға-апаларымызға аздаған сый-сияпат ұйымдастырды. Адам бойындағы басты құндылықтардың бірі – адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды айрандай ұйытып, бір ел, бір халыққа біріктірген. Сол себепті «Қайырымдылық» күні қазіргі қазақ қоғамының басты құндылықтары болып отыр. Наурыздың бір күнін осы тақырыпқа арнау өскелең ұрпақ тәрбиесінде өз ізін қалдаратыны сөзсіз!









