#Денсаулық күні
Бүгін балабақшамызда денсаулық күніне байланысты жоспарға сәйкес «Ойын ойнаймыз!» тақырыбында педагогтар арасында эстафеталық сайыс болып өтті.
Міндеті: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза адамзатты тәрбиелеу. Денесін шыңдап, күш қуатын нығайту. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір - біріне деген достық, сыйластық, ұжымдық қарым - қатынастарын дамыту.
Балабақшамызда кіші, ортаңғы, ересек, мектепалды топ тәрбиешілері қатысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрды:
1.«Боулинг»
2.«Кім жылдам?»
3.«Капитандар сайысы»
4.«Көңілді эстафета»
Тәрбиешілер барлық күш жігерін салып, қызыға, атсалысты. Белсенділікпен қатысқан барлық педагогтарға алғыс білдіреміз.









