10.10.2023 жылы логопед маманы Нуркожаева Акмарал "Заттық - кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру" тақырыбында "Анық сөйлеп үйренейік"логопед кабинетін таныстыру мақсатында видеопрезентациясын жүктеді.
Логопед маманы қазіргі таңда ерекше білімді қажет ететін балалардың саны артып, соның ішінде ойындық, танымдық әрекетінің баяулығы, қарым-қатынасқа түсу аясының тежелуі және жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар балалардың саны көп екенін атап өтті. Біздің мақсатымыз балаларға қолайлы дамытушы орталықтар ұйымдастырып, жалпы сөйлеу тілінде бұзылыстарды алдын алып, балалардың дамуына көмек көрсету. Логопедиялық тұрғыда жасалған дамытушы орталықтарды ұйымдастыру арқылы алдымен балардың жалпы түсінігін, моторикаларын, ойлау қабілеттерін дамытып, сөйлеуге ынталандыруымыз қажет. Орталықтардағы ойын жаттығулар арқылы балалардың қызығушылықтарын арттырып сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту арқылы нәтижелерге жететінін көрсетті.