Демаламыз күлеміз, Көңілді жазды сүйеміз
Бүгін бөбекжай - бақшамызда " Демаламыз күлеміз, Көңілді жазды сүйеміз" тақырыбында сельфи пауза күні өткізілді. Балаларымызға қонаққа сайқымазақ келіп, бірге ойын ойнап, сельфиге түсті. Кішкентай бүлдіршіндеріміз ән айтып, би билеп, сайқымазаққа өнерлерін көрсетті. Іс - шара соңында сайқымазақпен фото зоналарға суретке түсті. Балаларымыз белсене араласып, жақсы көңіл- күйде өткізді.