Бөбекжай - бақшамызда жазғы жоспарына сәйкес "Ғажайып қалта" атты тақырыбында тосын сый күні болып өтті. Бүлдіршіндерімізге тосыннан сиқыршы мен сайқымазақ келді. Сиқыршы бүлдіршіндерімізге ғажайып қалтасынан үш түрлі қорапша шығарып, онда берілген сұрақтарға жауап берді. Жақсы белсене қатысқан, бүлдіршіндерімізге сайқымазақ өзінің қорапшасынан тәтті кәмпиттер таратты. Барлығы би - билеп, жақсы көңіл - күйде тарасты.