"Сыр шуағы" бөбекжай - бақшасында "Іздер қайда апарады?" "Ғажайып әлем" тақырыбында квест ойыны өтті. Квест ойынына кіші, ортаңғы және ересек топтарының бүлдіршіндері қатысты. Балалар көңілді әуенге флешмоб билеп, шараның көркін ашты. Топтардың жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі тапсырмалар беріліп, жетекшімен ұжымдасып орындалатын ойындар ойнатылды. Балалар ойнай жүріп, ойлау қабілеттері, ұсақ қол моторикасы дамып, шапшаңдықты шыдамдылықты үйренді. Квест ойыны арқылы балалар жақсы көңіл күйде топтарына тарқасты.