Шілде айының 20-шы жұлдызында "Сыр шуағы" бөбекжай-бақшасында "Үздік кішкентай әнші" байқауы болып өтті. Байқауға ортаңғы, ересек топ тәрбиеленушілері жас ерекшеліктеріне сай әндер шырқап, өз өнерлерін көрсете білді. Балақайлар жанды дауыста әнді таза, анық орындады. Кіші топ бүлдіршіндері "Сәнқой балақай" номинациясы бойынша сән үлгісін көрсетті. Сайысқа қатысушы балақайлар марапатталып, жақсы  көңіл-күймен қайтты. Қатысқан белсенді, өнерлі балақайларымызға алғыс білдіреміз!