12. 07. 2023 жылы «Балбөбек» ересек тобында жазғы сауықтыру жоспарына сәйкес «Өсімдіктерге күтім» тақырыбына сәйкес бөлме гүлдері туралы тәрбиеші балаларға мәлімет беріп, олардың пайдасын және оларға қандай күтім керектігін айтып, балалармен бірге гүлдерге күтім жасады. Олар гүлдердің түптеп тұрған көшеттерін құмыраға отырғызып, олардың түбін қопсытып, тыңайтқыштар сеуіп, су құйды. Нәтижесінде балалар еңбекқорлыққа және өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиеленді.