2023 жылдың шілде айының 11-ші жұлдызында жазғы-сауықтыру жоспарына сәйкес «Батпырауық мерекесі» болды.  Мереке барысында  балаларға батпырауықтың шығу тарихын түсіндіріп, ересек топтары арасында  «Батпырауық Fest» жарысы өткізілді. Әр топ ашық алаңға шығып батпырауықтарын ұшырды. Жарыс барысында балалар көтеріңкі көңіл күйде болып, шыдамдылық пен ептілік дағдыларын дамытты.