Мерекелік шараға ортаңғы, ересек топ бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетті. Ортаңғы топ бүлдіршіндері "Өз Астанам - өз ордам", " Астана - ай қала", "Астана - арман қала" әндерін шырқаса, ересек топ бүлдіршіндері еліміздің жүрегі Астана қаласына арналған жыр - шумақтарын арнап, "Астана" флешмоб биімен көркін ашты. Ал, кіші топ балақайларымыз суреттер салып, көрмеге қатысып, белсенділік танытты. Мерекелік кешіміз әрі қарай, қызықты эстафеталық - сайыстармен жалғасты. Гүлдей бер, жайнай бер - Астана!