13.06.2023ж «Бәйтерек»,«Айналайын»,«Балбөбек» ересек топтары «Менің сүйікті ертегілерім» тақырыбында танымдық ойындары өткізілді. Алдымен балалар ертегі кейіпкерлерін бөліп рөлдерге еніп, іс қимылдарын жасап дауыстарын дыбыстады. «Бауырсақ», «Түлкімен ешкі», «Ғажайып ертегі», «Менің сүйікті кейіпкерім», «Шашылған сурет», т.б әр түрлі ертегі ойындарды ойнап, пазлдар құрастырды. Балалар керемет көңіл - күймен белсенді қатысты.