Ақпан айының 15 - ші жұлдызында балабақшамызда "Балабақшадағы мюзикл" апталығының жоспарына сәйкес би жетекшісі А.Қантаева "Күншуақ" мектепалды тобы, "Бәйтерек" ересек топтарымен "Жыл мезгілдері" тақырыбында музыкалық ойындар ойнатты. Балаларға ойындарды ойната отырып, жыл мезгілдерін біліп қана қоймай әр мезгілге арналған әндер бар екенін, түрлі құбылыстарды, музыка ырғағына сай би қимылдарымен сипаттады. Жас ерекшеліктеріне, қабілеттеріне қарай музыкаға деген қызығушылықтары артты. Музыкалық ырғақты ажырата білуді, сезінуді, есте сақтауды үйренді.