Бүгін "Сыр шуағы" бөбекжай - бақшамызда әдістемелік кеңес отырысында би жетекшісі А.Қантаева "Музыкалық ойындарды пайдаланудың тиімділігі" тақырыбында лайфхак көрсетті.
Іс тәжірибесінен педагогтарға күнделікті қолданыстағы заттардан музыкалық аспаптарды жасау жолдарын көрсетті. Әуеннің ырғағымен педагогтарымыз ансамбль құрып, әнді сүйемелдеді.