Үйренейікізденейікжас маманапталығы

“Үйренейік, ізденейік, жас маман” апталығы аясында ақпан айының 9 - шы жұлдызында “Үлкендерге көмектесеміз” тақырыбында еңбек күні болып өтті. Балалар күні бойы әрбір істеріне тиянақтылықпен қарап, тәрбиешіге көмектесу арқылы топ ішіндегі тазалыққа, ойыншықтардың жиналуына, кітаптардың дұрыс тұруына, гүлдерді суаруға, сондай - ақ, бір - біріне қамқорлық танытуға, кешірімді бола білуге, кезекшілік міндеттерін мұқият атқаруға өз үлестерін қосты. Барлық балалар белсене араласып, әрқашан үлкенге көмектесу керек екендігін түсінді.