#Үйренейік,ізденейік,Жас маман!апталығы
"Сыр шуағы" бөбекжай - бақшамызда ақпан айының 7 - ші жұлдызы күні дене нұсқаушысы Нұрасыл Алпамыс "Үйренейік, ізденейік, Жас маман!" апталығының жоспарына сәйкес «Достық» мектепалды тобымен «Қысқы ойындары» тақырыбында ұйымдастырылған іс - әрекетін өтті. Балалар саппен келіп, жүру және жүгіру барысындағы жаттығуларымен бастады. Скамейканың үстінен тепе - теңдікті сақтай отырып, текшелерді аттап өтті. Екі топқа бөлініп, едендегі түрлі - түсті пішіндердегі қарларды кезек пен кезек тасып, тазалады. Балалар ойынның әр кезеңдеріне қызығушылықтары артып,белсенділік танытты.









