"Сыр шуағы" бөбекжай-бақшасында «Бақытты әлем балалар көзімен» атты  сурет көрмесі болып өтті.
Іс-шараға бақшамыздың ортаңғы, ересек және МАД топтарының кішкентай суретші балақайлары қатысты.  Дәстүрден тыс сурет салу әдісі арқылы әр түрлі бояғыш құралдарын қолдана білді. 
Қол моторикасын дамытуда саусақ жаттығуларын орындады. Балақайлар өздерінің бейнелеген суреттерін баяндап, іс-шара соңында көрме ұйымдастырылып суреттерін ілді.