Бөбекжай бақшамызда "Сенімді дос" тақырыбында педагогтардың ұйымдастыруымен бүлдіршіндерге арналған ертегі сахналық қойылымы көрсетілді. Қойылым желісі бойынша өзіне дос іздеген ит келіп, балалардан көмек сұрады.Балалар асқан қызығушылықпен ертегі қойылымын көре отырып, белсенділік танытты. Сұрақтарға жауап беру арқылы итке дос табуына көмектесті. Балалардың көңіл-күйлері көтеріліп, шынайы эмоцияларын шығара білді.