Байқау аясында кіші топтарының тәтті бүлдіршіндері сән үлгісімен таң қалдырса, ортаңғы топ бүлдіршіндері мың бұрала би биледі. Ал ересек топтарының балапандары таңдаған әндерінің барлығы байқау шарттарына байланысты жанды дауыста орындалды . Бүлдіршіндер жас ерекшеліктеріне сәйкес қалаған әндерін нақышына келтіре айта білді. Өздерін еркін сезініп, әнді таза, анық айтып, белсенді билеп байқаудың көркін ашты. Бүлдіршіндер түрлі номинациялармен марапатталды.