Мерекелік іс-шараға балабақшамыздың ересек топ тәрбиеленуші балақайлары белсенділікпен қатысты. Балалар әр түрлі бояу құралдарын қолдана отырып, өз ойларын қиялдау, елестету арқылы бейнелей білді. Балалардың жартысы ақ парақтың бетіне акварель, гуашь, майлы каламдармен жан бітірсе, қалған балалар асфальт бетіне түрлі түсті борлармен бейнеледі. Іс-шара соңында балақайлардың бейнелеген суреттерінен шағын көрме ұйымдастырылды.