Сайыс үш кезеңнен тұрды: "Менің қиялымдағы роботым"(суреттер сайысы); "Робо-макет"(макет жасау); "Лего-робот"(лего бөлшектерінен робот құрастыру) Әр топтың балақайлары өздерінің қиялдарынан түрлі роботтың суреттерін бейнеледі. Ортаңғы топ балақайлары роботтардың макеттерін жасап, көрме ұйымдастырды. Ал ересек топтары лего бөлшектерінен роботтар құрастыра білді. Роботтар сайысына ат салысқан балалар мен педагогтарға және ата-аналарға алғыс білдіреміз.