Бөбекжай-бақшамызда "Денсаулық" апталығына орай "Біз денсаулықты қолдаймыз!" тақырыбында ата-ана мен бала және балабақша арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеу мақсатында "Достық", "Ботақан", "Күншуақ" ересек топтары арасында отбасылық эстафеталық сайыс өткізілді. Әр топтан бір бала анасымен бірге сайысқа қатысты. Сайысты дене шынықтыру нұсқаушысы Нұрасыл Алпамыстың нұсқауымен дене қыздыру жаттығуларын жасап, биші қыздарымыз спорттық би биледі. Үш түрлі кезеңдерде балалар ата -аналарымен бірлесіп түрлі қызықты тапсырмаларды жылдамдық пен шапшаңдық танытып сайысты. Сайыс соңында қатысушылар дипломдармен марапатталды.