2022 жылдың маусым айының 3- ші жұлдызында "Сыр шуағы" бөбекжай- бақшамызда "4 маусым- Қазақстан Республикасының рәміздер күні" мерекесіне орай балаларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастырып және Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында "Көк тудың желбірегені" атты мерекелік іс- шара болып өтті.
Балалар айтулы мерекеде ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫМЫЗБЕН бастап, жыр шумақтарын арнап, ұлттық билерімізді нақышына келтіре орындап, әнмен сусындатып тарту етті.
Құрметті ата -аналар және бүлдіршіндер, әрқашан Әнұранымыз шарықтап шырқала берсін, көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін, Елтаңбамыз қашанда еңселі болсын.