Бүгін біздің “Сыр шуағы” бөбекжай-бақшамызда тәрбиеленуші балақайларымыздың ата-аналарына арналған “Дарабоз” этнографиялық ойын-сайысы болып өтті. Сайысқа 12 топтың әр тобынан бір ата-ана қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Әр бір ата-ана берілген қызықты, логикалық сұрақтарға дұрыс және ұтымды жауаптарымен ерекшеленді. Уақыт тауып, белсенділік танытқан барлық ата-аналарға үлкен алғыс білдіреміз!