«Ақжелкен» ортаңғы тобында «Әз Наурыз қош келдің» тақырыбында ертеңгілік өтті. Балалар ертеңгілікте «Көктемде, көктемде» әнімен ашты, Наурыз әже мен Қыдыр ата шашу шашып кірді.Ұлдар мен қыздар «Наурыз" биін биледі, қонаққа Алдаркөсе келіп, қазақтың ұлттық ойыны «Қол күрес» ойынын ойнады. Наурыз әже сәбиге ат қойып, "Бесікке салу" рәсімін балаларға түсіндіре отырып көрсетті.