"Сыр шуағы" бөбекжай-бақшамызда жоспарға сәйкес "Қызықты IT әлем" апталығында "IT әлем балалар көзімен" тақырыбында сурет байқауы болып өтті. Сурет байқауына ересек және мектепалды топ балалары қатысты. Кішкентай суретші балақайлар IT әлеміндегі қолданатын технологиялар мен құрылғыларды өз қиялымен түрлі-түсті бояуларды қолдана білді. Қатысқан балақайлардың ішінен ең әдемі, қиялы ұшқыр, бояу құралдарын дұрыс қолданып, бояй білген балақайлар іріктеліп, анықталды. Апталықтың қорытындысы ретінде аталған балақайлар дипломмен марапатталады. Белсенділік танытқан барлық қатысушы балақайларға рақмет!