Желтоқсан айының 14-ші жұлдызы күні әлеуметтік педагог жоспарына сәйкес балабақша педагог-психологы Рзабаева Г және бейнелеу өнері маманы Отарбаева Л педагогтармен бірге «Жүзден жүйрік» сайысын өткізді. Педагогтар «Бәйтерек» және «Сыр сұлуы» командаларына бөлініп сайысты. Сайыс 4 кезеңнен құралды. І-«Ой жүгірту» кезеңінде қатысушы педагогтар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап беріп белсенділік танытса, ІІ кезең «Ғажайып суретте»- лед экранда беті жабық тұрған суреттің бір бөлігін ашып, қалғанын тауып, байқампаздықпен жарысса, ІІІ- «Кім тапқыр?» кезеңінде әр топтың топ мүшелері біріге отырып берілген қисынды сөз есепті шығарып, дұрыс жауабын тауып логикаға күш салды. Шешуші- ІҮ кезең «Шешімін тап!»- бойынша әр топқа тапсырма берілді, қатысушы педагогтар шығарашылықтарын көрсете білді. Сайыс өз дәрежесінде өткізіліп, педагогтар жақсы көңіл-күймен белсенділік танытты.