“Ақжелкен” мектепалды тобының тәрбиеленушілерімен «Қош бол, балабақша!» атты қоштасу ертеңгілігі өткізілді. Іс-шара барысында балалар ән айтып, би билеп, тақпақтарын айтып, балабақшамен қоштасты. Ертеңгілік жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ата-аналар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалар белсенді қатысып, өз өнерлерін жақсы көрсете білді. Ертеңгілікті ұйымдастырған тәрбиешілер: Белгібай Жаннұр, Жайшылықова Айгерім.