Наурыз айының 17-ші жұлдызы күні наурыз мерекесіне орай «Әз Наурыз қош келдің!» тақырыбында «Айгөлек» ортаңғы тобының бүлдіршіндерінің ертеңгілігі өткізілді. Балалар мерекеге сай қазағымыздың ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, ертеңгілікте әндерін, билерін, өлең шумақтарын паш етіп, өз өнерлерін көрсетті. Балалар ертеңгілікке белсене қатысып, мерекені сезінді.