"Сыр шуағы" бөбекжай бақшасының "Күншуақ" ересек тобы Шаңырақ күніне "Шаңырағым - шаттығым" тақырыбында тобымыздың бүлдіршіндері отбасымен бірлесе дастарқан басында отбасылық құндылықтарымен бөлісті. Әділқожа ағасымен бірге асық атып ойнаса, Әдиланың анасы қызымен шаш өру түрлерін көрсетіп, дәріптеді.
#Наурызнамаонкүндігі #Шаңырақкүні