30.09.2024 жыл бөбекжай- бақшамызда "Жаңа Қазақстан: Кәсіби маман, жарқын болашақ" атты апталықтың ашылуына педагогтарды, ата - аналарды қатыстыра отырып мамандық иелеріне деген мақтаныштарын, сүйіспеншіліктерін сұрақ-жауап, түрлі ойындар арқылы білдірді. Ата-аналардың топ тәрбиешілеріне деген өз ризашылықтарын, эмоцияларын "Көңілді смайлик" ойыны арқылы білдірді. Педагогтар "Сиқырлы қорап" ойыны арқылы қорап ішіне жасырылған айнамен өзінің қандай мамандық иесі екенін сипаттап, жақсы қасиеттерімен бөлісті. Лед панельмен ата-аналар, педагогтар "Сөз құра" ойыны ақылы ақын, жазушыларымыздың мамандық иелеріне арналған даналық сөздерін құрап, оқып берді. Апталығымыз көңілді,қызықты және мағыналы түрде басталды.
"Сыр шуағы" бөбекжай-бақшамыздың ата-аналарына, педагогтарына алғысымызды білдіреміз!