14.12.2023ж “Еркемай” ересек тобында «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді
14.12.2023ж “Еркемай” ересек тобында «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді. Іс-әркетті “Тауелсіз елдің ұраны” әнімен бастап, ойынмен жалғасты. Ойын барысында балалар шығармашылықпен айналысып, Туымызды бейнелеп, ұлттық сандық пен торсықты әсемдікпен бояп шықты. Білімбук арқылы “Туған жерім- Қызылорда тақырыбында” ойын ойнап, туған жерінің ғимараттарын ажыратты.Жіппен алашаны сәндеп, асықтарды санап орналастырып баладардың шығармашылық, танымдық дағдылары артты.Іс-әрекет арқылы балалардың туған өлке, ел, Отан, мемлекеттік рәміздер туралы білімдері кеңейді.